№9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес 2021 жылдың наурыз айында колледждің кәсіптік бағдар беруге бекітілген жауапты мамандары көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп - интернатының 9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағдарламасы  аясында мамандық таңдау бойынша онлайн дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға  колледжде оқытылатын мамандықтар  туралы айтып, материалдық – техникалық базасымен таныстырды. Колледждің мамандықтары  туралы бейнежазбалар көрсетілді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар қатарын баса айтып, колледжде білім алуға шақырды.