№9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша жоспарына сай №1 жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының 9 сынып оқушыларына санитарлық ережелерді сақтай отырып 2021 жылдың наурыз айында колледжде «Ашық есік» күні өткізілді.
«Ашық есік» күнінің өткізілу мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт бере отырып, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.
Оқушыларға колледжішілік экскурсия жасалып, колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат берілді.
https://merke-college9.edu.kz/kz/k-siptik-ba-dar-beru/391-ashy-esik-k-nini-tkizilu-ma-saty.html#sigFreeId59e3a6f435









