2021 жылдың наурыз айының 25 жұлдызында №9 Меркі колледжінің жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша № 39 жалпы білім беретін орта мектеп - гимназиясының  9 сынып оқушыларына санитарлық ережелерді сақтай отырып «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күнінің өткізілу мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт бере отырып, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.

Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат беріліп, оқытылатын: «Фермер шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Есептеу техникасы және бағдарламаларды қамтамасыз ету», «Электр станциялары мен желілерінің әлектр жабдықтары», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының кабинеттерімен, шеберханаларына экскурсия жасалып, бейнежазба көрсетіліп, мамандықтар туралы үлестірме парақтары таратылды.