2021 жылдың мамыр айының 27 жұлдызында №44 ЖББ мектебінде колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Кездесуге № 9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру тобы Ш.Ауесханова, Э.Аденова, А.Сауранов , А.Шайменова мен мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беру, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.
Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат беріп, оқытылатын, «Фермер шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Есептеу техникасы және бағдарламаларды қамтамасыз ету», «Электр станциялары мен желілерінің әлектр жабдықтары», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарымен таныстырып, бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар туралы брошюралар таратылды.









