Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, бүгін №9 Меркі колледжінде жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекеде колледж ақсақалдары мен әжелері жастарымызға ақ баталарын беріп, жақсы тілектерін тіледі. Көрермендерге «Тұсау кесу» дәстүрі көрсетілді. Мерекеде салтанатты ән шашу мен билер биленіп, ұлттық ойындармен: арқан тартыс, қазақы күрес, асық ату, қол күрес, гір тасын көтеру сынды дәстүрлі ойындармен жалғасын тапты. Мереке өте әсерлі болды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!
https://merke-college9.edu.kz/kz/zhanaly-tar/449-osh-keldi-z-nauryz.html#sigFreeIdf807753d1e









