8 - Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, бүгін №9 Меркі колледжінің аяулы аналары мен гүлдей құлпырған қыздарын құттықтау мақсатында, "Аналар асыл жандар" атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараға қатысушы колледждің әр тобының студенттері ән мен би, және өлең шумақтарымен өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңіліне жол таба білді.
"Өміріміздің әрбір сәтінде қуаныш сыйлай білейік,"- деген, №17/1 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" жəне №16 "Электромонтер" мамандығының ұйымдастырушылары колледж ұжымының аруларына "Сенің бейнең" күнтізбекті фотоларын ұсынды.
Қымбатты, әрдайым әдемі, жылы жүректі арулар! Мерекелеріңіз құтты болсын! 💐💐💐