Бүгін №9Меркі колледжінде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 33 жыл болуына орай, "Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым" тақырыбында, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші өткізілді. Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ауған соғысында болған ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа айта отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында өткізілген кеште Меркі ауданының Ауған соғысы ардагерлері К.И.Қошқаров, С.А.Абилхайров ағаларымызбен ашық әңгіме жүргізілді.
Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсете отырып, ағаларға ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларына бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Мына бейбіт өмірде тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!









