2022 жылдың 28 қаңтар күні № 9 Меркі колледжінің директоры «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметінің 2021 жылғы қамқоршылық кеңес алдында есеп берді.
Есепті жиналысқа Жамбыл облысының кәсіпкерлік палатасының Меркі ауданы филиалының директоры Шойбеков Нұржан Бейсенбаевич, Аудандық мәслихат депутаты, «Merki Adaldyq Alany» жобалық кеңесінің жетекшісі – Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының басшысы орынбасары Сұлтаналиев Нұрбол Анарбекұлы және ата-аналар қатысты.
Жылдық есепте колледждің күнделікті тыныс-тіршілі, оқу орнының материалдық-техникалық базасының нығайту мақсатында атқарылған жұмыстарының нәтижелігі, білім сапасы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикалардың тиімділігі және оқу- тәрбие, кәсіптік бағдар , оқу-әдістемелік жұмыстарына тоқтала келе, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлау міндеттерін атап өтті.
Жарыс сөзге түскендер: Колледжде қазіргі таңда атқарылып жатқан іс-шаралары оң шешімін тауып, талапқа сай жүргізіліп жатқандығы жайында айтты.
Есепті кездесуде- «Әмір» ШҚ басшысы және № 9 Меркі колледжінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ерназар Жабықұлы қорытындылап «№9 Меркі колледжі» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры М.Ғ.Қырықбайұлының 2021 жылғы қамқоршылық кеңес алдындағы есебі қанағаттанарлық деп бағаланды.