Астана телеканалының "Айтарым бар" бағдарламасының қонағы болған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кәсіпқор» холдингімен бірлесе ұйымдастырған төртінші «WorldSkills Kazakhstan» Чемпионатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Ферма шаруашылығы" мамандығының түлегі, «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша жұмысшы кәсібінің мәртебесі мен техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттыруға бағытталған жарыста жеңімпазы болған Мәркім Олжас қатысты.
Бағдарламадағы сұқбатында Мәркім Олжас өзінің таңдаған мамандығымен ойын бөлісті. «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша 505 мың теңгелік қайтарымсыз гранттан алып, кәсіпкерлігін дамыту мақсатында шағын несиемен өз орталығын ашып, кәсібін бастаған. Алдағы уақытта «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» бойынша қызығушылығы бар жастарды өзінің игерген мамандығына баулымақ
Қазіргі таңда өз кәсібін жасап отырған, жас, талапты, табысты маман. Оның ашқан кәсібі аудан орталығында үлкен сұранысқа ие.
https://merke-college9.edu.kz/kz/zhanaly-tar/434-astana-telekanalyny-ajtarym-bar-ba-darlamasyny-ona-y-bol-an-aza-stan-respublikasy-bilim-zh-ne-ylym-ministrligini-k-sip-or-kholdingimen-birlese-jymdastyr-an-t-rtinshi-worldskills-kazakhstan.html#sigFreeId8c5a0c9b30









