Қазан айының 23-ші күні колледжде Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, "Арайлы алтын күз" тақырыбында байқау өткізілді. Байқау шарттары:

1. Таныстыру

2. Өнерің өрге жүзсін

3. Сән үлгісі

4. Күзгі дәм

Байқауға №13, №14, 17/1, №17/2, №23, №24 топтар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бас жүлдені №23 "Ақпараттық жүйелер" тобының студенттері жеңіп алды. І орын № 14 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", ІІ орын 24 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", ІІІ орын №17/2 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" тобының студенттері жеңіп, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.