№9 Меркі колледжінде Ел тәуелсіздігіне 30 жылдығы мен Семей полигонының жабылуына орай техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараға 11 колледж қатысып, 7 спорт түрінен жарыстар өткізілді.

1. Жамбыл жоғары политехникалық колледжі

2. Қаратау құрылыс техникалық колледжі

3. №17 Жамбыл колледжі

4. Парасат колледжі

5. Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі

6. Тараз мамандандырылған колледжі

7. Құлан агротехникалық жоғары колледжі

8. «Білім» кәсіби гуманитарлық техникалық колледжі

9. №10 Шу колледжі

10. Қордай «Береке» колледжі

11. №9 Меркі колледжі

Спорт түрі:

1. Кіші футбол

2. Баскетбол

3. Волейбол

4. Үстел тенисі

5. Тоғыз құмалақ ойыны

6. Асық ату

7. Бестас

Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша команда арасында І орынды Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, ІІ орынды №9 Меркі колледжі, ІІІ орынды Қаратау құрылыс техникалық колледжі жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды.