Ағымдағы жылдың 13-15 қазан күндері "AgroSkills" халықаралық кәсіби шеберлік байқауы № 9 Меркі колледжі" ұйымдастыруымен өтті.
Бұл байқау "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы "Ауыл шаруашылығы тракторист-машинистi" құзіреттілігі бойынша өткiзілді.

Байқау 5 модуль бойынша өткізілді:

1.Модуль «А» - «Полесье», «Есіл» комбайндарымен жұмыс.

2.Модуль «Б» - Табиғи және екпе шөптерді баулауға арналған «Sipma» прессін жұмысқа дайындау.

3.Модуль «С» 2-ПТС -4 подшипниктерін реттеу.

4.Модуль «Д» Тракторға артылған соқаны шектеулі қақпаға артқы беріліспен айдап кіргізу.

5.Модуль «Е» Жер айдау.

Байқаудың мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының мәртебесiн арттыру, бәсекеге қабiлеттi мамандарды дайындау. Байқауға Қырғыз Республикасынан, және де Қазақстан Республикасының Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан студенттер қатысты.

Байқау жеңімпаздары:

1орын -Қайнарбек Нұртілек/ Жамбыл облысы, Меркі ауданы/

2 орын - Нұрмағанбет Өркен /Қызылорда облысы, Қазалы ауданы/, Қайнаров Тиллахан /Түркістан облысы, Қарабұлақ ауданы /

3 орын - Уалихан Ақжан /Түркістан облысы, Отырар ауданы/, Мухан Мурагер/ Жамбыл облысы, Меркі ауданы/, Куан Куаныш /Алматы облысы, Көксу ауданы/.
Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, және де басқа қатысушылар да алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен, ал жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.