Колледж еріктілерінің сәтті жағдайлары.
2019 жылдың мамыр айының 16-сы жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қостанай қаласында Қазақстан -Ресей жастар ынтымақтастық форумы өткізілді.Форумға Ресей мемлекетінен 200 ерікті жастар, Қазақстаннан 800 жас еріктілер қатысты, солардың арасында №9 Меркі колледжінің"Тамақтандыруды ұйымдастыру" тобының 3 курс студенті Мәуленова Арай Оңғарбай қызы бар.
18.11.2019 жылы Облыстық жастар саясатының ұйымдастыруымен өткен "VII Облыстық студенттік балл-2019" атты іс-шарасына №9 Меркі колледжінің белсенді студенттері Агакерім Рузвана және Медетбаев Ербол қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес "Халық Алғысы" мерекелік медалімен №9 Меркі колледжінің 3 курс студенті Агакерім Рузвана "Волонтер - 2020" бағдарламасында белсенділік танытқаны үшін марапатталды. Сонымен қатар "Үздік жоба" байқауының жеңімпазы Рузвана өз жобасын ұсынып, 300000 теңге көлеміндегі грантын ұтып алды.
https://merke-college9.edu.kz/kz/zhanaly-tar/406-kolledzh-eriktilerini-s-tti-zha-dajlary.html#sigFreeId491badc2e7









