Бәсекелік қабілет-жаңғыру негізі Жамбыл облысы, Меркі өңіріндегі ауыл шаруашылығына орта буын мамандарын дайындайтын іргелі оқу орнының бірі - «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Еңбек нарығындағы әртүрлі салалар бойынша туындаған мамандарға қажеттілікті, сұранысты өтеу арқылы «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қоғамдағы өзіндік дәрежесін, заманауилығын, маман даярлауда бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп келе жатқан 68 жылдық тарихы бар білім ордасы.
Колледждің іргетасы Меркі ауданында 1953 жылы №102 Ауылшаруашылық механизациялау училищесі, яғни «УМСХ» болып ашылды.
Кәсіпорынның қазіргі атауы Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» маусымдағы №198 қаулысының негізінде қайта құрылуына байланысты «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып аталды.
Колледж 7 мамандық, 11 біліктілік бойынша жұмысшы мамандар даярлайды. Олар:
Мамандығы 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,
біліктілігі 3W07161601 «Жөндеуші-слесарь», 3W07161603 «Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»;
Мамандығы 07150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші»;
Мамандығы 07150300 «Токарлық іс (түрлері бойынша)*», біліктілігі 3W07150301
«Токарь»;
Мамандығы 07130100 «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)»,
біліктілігі 3W07130101«Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)»;
Мамандығы 6120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 3W06120101«Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы»;
Мамандығы 6130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»,
біліктілігі 4S06130105 «Ақпараттық жүйелер технигі»;
Мамандығы 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,
біліктілігі 3W10130302 «Кондитер-безендіруші», 3W10130302 «Аспазшы».
Колледждің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ұтқыр, білімді студенттер.
Колледжден түлеп ұшқан түлектер қоғам өмірінің барлық саласында жемісті еңбек етуде.
https://merke-college9.edu.kz/kz/zhanaly-tar/397-b-sekelik-abilet-zha-yru-negizi-zhambyl-oblysy-merki-irindegi-auyl-sharuashyly-yna-orta-buyn-mamandaryn-dajyndajtyn-irgeli-o-u-ornyny-biri-9-merki-kolledzhi-kommunaldy-memlekettik-azynaly-k-siporny.html#sigFreeId30a39729c8









