№9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру жоспарының аясында   2021 жылдың сәуір айының 16-сы  күні  «Кәсіптік – техникалық білім  беру – келешек кепілі» тақырыбында аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына санитарлық ережелерді қатаң  сақтай отырып ашық есік күні өтті.  Ашық есік күніне: №16, №30, №9, №13, №20, №1, №19, №4, №33, №15 мектептерден  9 сыныптан жалпы 170 оқушы қатысты. 

Ашық есік күнін өткізу мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беру, ауылшаруашылық мамандықтары және олардың ерекшеліктері туралы дүние танымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.

Оқушыларға  колледжде оқытылатын мамандықтар  мен материалдық – техникалық базасымен таныстырылды және мамандықтар туралы үлестірме парақшылары таратылды. «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында колледж студенттерінің мамандыққа сай дайындаған макеттерінен көрме ұйымдастырылды.