№9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес, 2021 жылдың сәуір айының 17 - сі күні "Кәсіптік - техникалық білім беру - келешек кепілі" тақырыбында аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне аудандық №2, №5, №8, №18, №22, №28, №35, №39, №44, №48 жалпы білім беретін мектептерден 9-11 сынып оқушыларынан жалпы 200 оқушы қатысты.
Оқушыларға "Менің мамандығым - менің мақтанышым" тақырыбында колледж студенттерінің мамандықтарға сай дайындаған макеттерінен көрме ұйымдастырылды. Жалпы колледжде оқытылатын 7 мамандық бойынша оқу шеберханалары мен дәрісханалары, материалдық - техникалық базасы таныстырылды. Жамбыл облысы бойынша "Жас маман" жобасына енген он үздік колледждердің қатарынан колледжімізде көрініп, екі мамандық бойынша жобаға енгізіліп, заманауи техникалармен жабдықталған. "Ферма шаруашылығы" мамандығына алынған: Комбайн "John Deere W-550", Трактор "Беларусь МТЗ -12,21", Пресс жинаушы "Sipma" , Сеялка (тұқым сепкіш Фаворит), Плуг, Тыңайтқышты себуге арналған Беларусияның "Ямош", Камазы, ал "Дәнекерлеу ісі" мамандығына алынған : Аргонды доғалы пісіру аппараты «IRONMAN- 500 AC/DC PULSE» , жартылай автоматты «SKYWAY- 350 DUAL PULSE», инвенторлық пісіру жартылай автоматы «SPEEDWAY- 200 SYNERGIC», пісіру инвенторы «STICKMATE 200» ,пісіру инвенторы «Вектор 2000» , доғалық пісіру тренажері «ДTC-03 УХЛ 4.1», Салқындату станциясы SL1500/AURORA-PRO аппараттары мен IT кабинетінің материалдық - техникалық базасы көрсетіліп, және барлық мамандықтар туралы үлестірме парақшалары таратылып, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.









