"Мамандықты таңдау - болашақты ойлау" тақырыбында "Биле, өнер шарықта!" ІІІ облыстық колледж аралық байқауы өтті. Байқауға Тараз қаласындағы және аудандардағы колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Осыған орай, аталған іс - шараға №9 Меркі колледжі ІІ курс студенттері Аманқұл Ақнұр, Беделбаева Жанна, Шыңғысбаева Аселхан, А.Б.ДЖекебаеваның жетекшілігімен қатысып Алғыс хатпен марапатталды.










