Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 8-сәуірінде №9 Меркі колледжінде бiлiмгерлермен "Жастық-жалын" атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Жастар ресурстық даму орталығының директоры Жамалбек Жансұлтан Ұлықпанұлы, ұлттық спорт құсбегілік тренері Бабажан Бақдәулет, аудандық мәдениет үйінің әдіскері, әнші, әуесқой сазгер Нұрдәулет Исатаев, ақын, «үздік автор» номинанты Бектұрған Ақтөре келіп, жастармен сұқбаттасты.
Кездесу кешінде айтыскер ақын жастарымыз: Әбдіманап Дулат пен Аружан Адабаева "Қыз бен жігіт" айтысын көрермендерге тарту етіп, көпшіліктің көңілінен шықты.










