Колледждің «Дәнекерлеу ісі» әдістемелік бірлестігінің 2021 – 2022 оқу жылындағы жоспары аясында, наурыз айының 1-12аралығында "Дәнекерлеу ісі" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің ашылуына орай, наурыз айының 1 күні «Мен таңдаған мамандық» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге практикалық сабақтарда жасалынған: "Шана", "Бесік", "Жылжымалы қақпа", "Орындық", "Зымыран пеш", "Ғажайып қопсытқы", "Гүлзар", "Шамшырақ" сынды шағын макеттер мен бұйымдар қойылды, және де өндірістік оқыту шеберлері 1-ші курс студенттеріне "Жас маман" жобасымен алынған заттарымен таныстырылым жасады.










