2022 жылдың 16 - сəуірі күні #9 Меркі колледжінде кітапханасы Р.Анафияеваның ұйымдастыруымен Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы журналист, жазушы, аудармашы, ақын Сейсенбай Шəмінұлы Қожекенің "Тұмаша тұнық сезіммен" кездесу кеші өтті. Кешті колледж директоры Ғ.Қ. Мамырбаев құттықтау сөзімен ашып берді. С.Қожеке қысқаша шығармаларына тоқталып, студенттердің сұрағына жауап беріп, өлеңдерін оқыды. Кеш қонақтары облыстық филармонияның әншілері М.Сағынбекова, Қ.Көкішов, "Сұлутөр" ансамблінің әншісі Е.Дəулетұлы, Н.Оспановтар автордың өлеңдерін орындады. "Құлан таңы" газетінің бөлім меңгерушісі Ж.Базылбеков, Меркі тынысы газетінің журналисі О.Мазур өлеңдерін оқыды.Колледж қызметкерлерінің орындауында "Ана қасіреті" қойылымы қойылды. Студенттер С.Қожекенің өлеңдерін жатқа оқыды.