№9 Меркі колледжінде «Жомарт түлек» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған «Жомарт түлек - Меркі» түлектер кездесуі өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – елімізге белгілі түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Əлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірбиелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Өз туған жерін мүмкіндігінше дәріптеп жүрген барша Меркілік түлектерді біріктіру идеясы аса маңызды. «Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. «Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді.