Колледж бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгін өзіндік ерекшелігімен №9 Меркі колледжінде жалғасын тауып жатыр. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасының профессоры, «Ветеринария» ғылымдарының кандидаты, колледжіміздің, яғни №102 ауылшаруашылық кәсіптік техникалық училищесі түлегі - Иманбаев Айтқали Альмурзаевич өзі оқыған білім ордасына қонаққа келді. Колледждің бітіруші түлектері мен ата-аналарына кездесу өткізіп, өзі жұмыс жасайтын Қазақстандағы іргелі оқу орнының бірі «Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті» туралы толық мәлімет берді. Университеттің студентке беретін басымдықтары: әскери кафедра, шетелдік мамандардың сабақ беруі туралы айтылып, халықаралық ынтымақтастықпен жұмыс жасап жатқан білім ордасындағы жұмысқа орналасу көрсеткіштері студенттердің қызығушылығын тудырды. Университет туралы толық мәлімет алған студенттер мен ата-аналар профессормен сұрақ-жауап алмасып, өз ойларымен ашық бөлісті.
Колледждің директоры Г.К.Мамырбаев кәсіптік бағдар беру бойынша тоқталып, бітіруші түлектерге алған мамандықтары бойынша жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасын ұйымдастырылатынын және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін Жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алатындықтарын айтып өтті.
Алдағы уақытта университет пен колледж арасында көтеріліп жатқан мәселердің маңыздылығын айтылып, екіжақты ынтымақтастықпен жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойылды.
Колледжіміздің ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар өскелең ұрпақтың сапалы, әрі саналы болуы бәрі үшін өте маңызды рөл атқарады. Биікке ұмтылар ұрпақ тәрбиелесек, мықты ел бола аламыз.