2022 жылдың ақпан айының 2 жұлдызында №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында колледж мамандары кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат беріп, оқытылатын: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Токарлық ісі», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Электр жабдықтары», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарымен таныстырып, бейне ролик көрсетіп, брошюралар таратты. Оқушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.